Тибеттік күшік 2 миллион долларға сатылды

Тибеттік күшік 2 миллион долларға сатылды

Қытайдың Чжэцзян провинциясында тибеттік мастиф итінің күшігі 12 миллион юаньға (1,9 миллион доллардан аса) сатылып кеткен.

Тибет мастифі тұқымын өсірумен айналысатын осы өңірдің азаматы жергілікті газетке берген сұқбатында әлемдегі ең қымбат ит атануы мүмкін алтын түстес ерекше күшіктің жаңа қожайыны Циндаодағы құрылыс компаниясының басшысы екенін айтып берген.

1

Ит өсірушінің сөзінше, осыған дейін де ол иттің осы тұқымына жататын күшікті 6 миллион (1 миллион АҚШ доллары шамасында) юаньға сатқан. Сондай-ақ ол күшіктердің осыншама қымбат бағалануына олардың Қытай елінің ұлттық табиғи символы пандалар сияқты өте сирек кездесетін таза тибет мастифтері тұқымына жататындығымен түсіндірді.  

Тек қана Қытайда өмір сүретін дәл осы тибеттік мастиф тұқымы бірнеше жылдан бері әлемдегі ең қымбат иттердің көшін бастап келеді. Осыған дейінгі рекордтық баға да 2011 жылы 10 миллион юаньға (шамамен 1,5 миллион доллар) сатылған осы тұқымға жататын итке тиесілі.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: lenta.ru

Б. Қосмағамбет