Өтірік делініп келген шындықтар

Өтірік делініп келген шындықтар

Бұл фактілерді оқысаңыз таңғалатыныңызға кепілдік береміз. Бірақ бұл деректерді бұған дейін аңызға балап келген екенбіз.

1. Сусиырдың сүті алқызыл түсті болады екен.

2. Ресейдің жер аумағы Плутонның жалпы көлемінен үлкен.

3. Барби қуыршағының толық аты-жөні Барби Барбара Миллисент Робертс.

4. Көк киттің жүрегінің үлкендігі сонша, оның қан тамырларынан адам да өте алады.

5. Сауда автоматтарынан жапа шеккендер санынан акула тісінен жарақат алғандардың саны әлдеқайда көбірек.

6. Оксфорд университеті ацтектер империясынан да ерте құрылыпты.

7. Жалғыз мүйіз Шотландияның ұлттық жануарлары қатарында екен.

8. Құлпынай жеміс емес, ал банан, қарбыз және авокадо жеміс түріне жатады.

9. Солтүстік Корея мен Финляндияны жалғыз ғана ел бөліп тұр – Ресей.

10. Египеттіктер ұлы пирамиданы соғып болғаннан кейін 1000 жыл өткен соң мамонттар тұқымы жоғалып кеткен.

11. Әлемде тірі фламингоға қарағанда оның ойыншық түрлері көбірек екен.

12. АҚШ-тың оныншы президенті Джон Тайлердің немересі бүгінге дейін тірі екен.

13. Адамдар мен банандардың ДНҚ-сы 50 пайызға дейін ұқсас келеді.

14. Аляска – АҚШ-тың ең солтүстік, ең шығыс және ең батысында орналасқан штат екен.

15. Ғалымдар Плутонды байқаған сәттен бері ол күнді бір де бір рет айналмапты.

16. Бал ешқашан бұзылмайды екен.

17. АҚШ-та Макдоналдьс асханаларына қарағанда кітапханасы көбірек.

18. Адамдар мен құмырсқаларды санағанда бір адамға – 1,6 миллион құмырсқадан келеді. Ал орташа салмағын өлшеп көрсе, адамдар мен құмырсқалардың салмағы бірдей.

19. Сегізаяқтың үш жүрегі бар.

20. Сатурн мен Юпитерге гауһар тастан жаңбыр жауады екен.

21. Егер Юпитер жерге айдың қашықтығындай жерде орналасса, мына суреттегідей көрінетін еді.

22. Құмға микроскоппен қарасаңыз мынадай көрініс пайда болады.

23. Біздің ағзамызда жасушаларға қарағанда бактериялар 10 есе көп.

24. Адамзат екі минут ішінде бүкіл XIX ғасырдағы түсірілген суреттен де көп фотоға түсіреді екен.

25. Арахис жаңғақ емес, сондықтан да оны бұршақ типтестер қатарына жатқызады.

26. Кешью жаңғағы осылай өседі:

27. Марио ойынының кейіпкері блоктарды басымен емес, қолымен жарады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: homester.com

A. Mustafina