Әлемдегі ең кішкентай кинотеатр жасалды

Әлемдегі ең кішкентай кинотеатр жасалды

Әлемдегі ең кішкентай кинотеатр күн энергиясы арқылы жұмыс істейді. Оны суретші Питер О’Конел (Peter O’Connor) ойлап тапқан.

Кинотеатр күн энергиясы арқылы жұмыс істейтін болғандықтан, оған «Sol Cinema» есімі берілген. Қазақша мағынасы – «Күн кинотеатры». Оның авторы Питер О’Конел кішкентай құрылғы арқылы жұрт назарын экологиялық таза күн энергиясына аудару мақсатында жасаған. Питердің ойынша, мұндай жобалар жер шарын ластанудан сақтайды.  

«Күн кинотеатры» қай жерге тоқтамасын, оның алдын әркез бір топ адам қоршап тұрады.  Қызықтаған әлеумет мұның ерекшелігін айтып, мәз-мейрам болып жан-жаққа тарқасады. Ал кино көрем деушілерге арбада арнайы 8 орын қарастырылған. Кинотеатр тек «Табиғат ана» жайлы деректі фильмдерді ғана ұсынады.  

Арба экологиялық таза 120 Ваттық күн панеліне қосылған литийлі ион батереясымен жұмыс жасайды. Бұл киноны толықтай соңына дейін қарап шығуға жетеді. 

Оқи отырыңыз: 

Әлемдегі ең үздік 10 кинотеатр

Мұхит ортасындағы кинотеатр

Шәкен Айманов - Қазақ киносының саңлағы

Киноның ішіне кіруге мүмкіндік беретін кинотеатр

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: sharethis.ro, thecoolgadgets.com

Н. Нұрмаханұлы