Брюссельдегі Қаһарман бала мүсінінің тарихы

Брюссельдегі Қаһарман бала мүсінінің тарихы

Бес жүз жылдың алдындағы бір күнгі кеште Бельгияның астанасы Брюссельдің орталық алаңында алуан түрлі шырақтар жайнап, қаладағы барлық адам тегіс алаңға шығып, би билеп, ән айтып шетел шапқыншыларын жеңгендіктерін қызу тойлайды. Қоңырау үні, құрмет зеңбірегінің үні жұрттың салтанат үнімен тоғысып, асқақ симфонияға айналып, астана аспанында қалықтайды.

Халық жеңісті тойлаған кезде қалдық жаулар жеңілгендеріне мойынсал болмай, бір бұзақыны қалалық әкімшіліктің жерасты бөлмесін бүлдіруге жібереді. Бұл жерасты бөлмеде қалың мылтық дәрілері сақталған болатын. Оған ұшқын тиді – болды, қатты қопарылыс туылып, қалалық әкімшілікті және оның төңірегіндегі құрылыстарды күйретіп, жеңісті тойлап жатқан жұртшылықты да бақытсыздыққа ұшыратушы еді. Жаудың қаскүнемдігі қаншама қатерлі!

Әлгі бұзақы жарылғыш дәріні үйіп қойып, оған қораға дейін жететін білте жалғап, одан оны тұтандырады да, зытып береді. Тұтанған білте жанып, астыңғы бөлмеге таяй береді, осы қатерлі ұшқынды жан баласы сезбейді. Орасан зор ауыр апат туылуға жақын қалды.

Осындай қатерлі кезде, сәтін салғанда Юлен деген бір бала қораға келіп ойнап жүріп дуалдың іргесіндегі ұшқын шашып, жанып, қысқарып бара жатқан білтені көреді. Ол жерасты бөлмеде қопарғыш дәрі барын, сондай-ақ соғыс барысында білтенің оттан қысқаруы нендей іс екенін білуші еді.

Ол білтені сумен өшірмек болады, бірақ маңайдан су таба алмайды. Алыстан су әкелуге, қорадан жүгіріп шығып ересектерді шақыруға үлгермейді. Сонда оның ойына тамаша амал түсе қалады: ол дуалдың іргесіне барып, білтенің үстіне шаптыртады. Міне, қызық! Оның шаптырғанына білте өше қалады.

Орасан зор апат жойылады, Брюссель халқы осы кішкентай қаһарманды төбелеріне көтереді. Кейбіреулер: "Біз бұл кішкентай қаһарманға мыс мүсін жасауымыз керек'' деген ұсынысты ортаға қояды.

Бұл ұсынысты халық дереу қолдайды. Олар бүкіл мемлекет бойынша ең әйгілі мүсіншілерді шақырып, оған жалаңаш баланың шаптырып тұрған мүсінін жасатып, оны салтанатпен астананың бір көшесіне орнатады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: willgoto.com

M. Auelkhan