Баян-Өлгей әкімі аймақтағы қазақтардың хал-жағдайы туралы Массагет сайтына айтып берді

Баян-Өлгей әкімі аймақтағы қазақтардың хал-жағдайы туралы Массагет сайтына айтып берді

Моңғолияға жасаған сапарымызда Баян-Өлгей аймағының әкімі Дәрмен Құзыкейұлымен сұхбаттасудың сәті түсіп еді. Аймақ әкімі елдің экономикалық хал-ахуалын, саяси жағдайын айта келе:"Қазақ елінен бізге баспа өнімдері, газет-журналдар бұрынғыдай келмей қалды. Мәдениет саласында да бірлесе жұмыс істеу жайлы ұсыныс жасағанбыз. Өлгейдегі Қазақ Ұлттық театрының қорын молайтсақ, ондағы ұлттық музыка аспаптарын көбейтсек, мамандарды Қазақ елінен дайындасақ деген үміттеміз", – деді.

Д.Құзыкейұлының айтуынша, ресми дерек бойынша бүгінгі күнде Баян-Өлгей аймағында 91 мың адам өмір сүріп жатыр, оның 7%-ы моңғолдар болса, 93%-ы қазақтар, ал жалпы Моңғолияда 120 мың қазақ бар. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері Моңғолиядан елге 70 адам қоныс аударған. Аймақта 43 мектеп бар екен. Оның 38-ы қазақ мектебі.

Баян-Өлгей аймағының әкімі Қазақстаннан барған журналистер ортасында

Сұхбаттың толық нұсқасын виедодан көріңіз:

Арнайы Баян-Өлгейден: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Ерлік Ержанұлы

M. Auelkhan