ҚазҰУ студенттері балалар үйінде болды (Фото)

ҚазҰУ студенттері балалар үйінде болды (Фото)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің белсенді студенттері Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде болды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

«Болашақ» Қауымдастығының ұйтқы болуымен өткен шараға №1 балалар үйінің жиырмаға тарта тәрбиеленушісі қатысты. Шараның басты мақсаты балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірлік және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, отансүйгіштік санасын тәрбиелеу, ой-санасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлғаны даярлау және болашақ өмірінің бағыт-бағдарын айқындау болды.

№1 балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 140 бала тәрбиеленуде. Жақында ғана 18-ден асқан 20 бала арнайы Жастар үйіне жіберілген.

Белсенді студенттер «Сіз де біздей боларсыз...» деген атпен балаларды оқу-білімге үндеп, университет өмірімен таныстырды. Өнерлі жастар ән салып, өлең оқыды.

Шара барысында жастар түрлі тренингтер ұйымдастырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Балалар да өз кезегінде түрлі сұрақтар қойып, сұқбат жасады.

Кештен фоторепортаж:

Кеш соңында балаларға «Болашақ» Қауымдастығы әзірлеген арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Автор: Шерхан Талапұлы, Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: ©Massaget.kz

Н. Айдархан