Алматыда «Apple Fest» фестивалі өтті (Фото)

Алматыда «Apple Fest» фестивалі өтті (Фото)

Алматыда қала күніне орай дәстүрлі «Apple Fest» фестивалі өтті, деп хабарлайды  Massaget.kz тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өткен шараға қала әкімі Ахметжан Есімов арнайы қатысып, сөз сөйледі. Қала басшысы алматылықтарды Қала күні мерекесімен құттықтай отырып, мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алып жатқандығын жеткізді. «Алматылықтар бұл мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алуда. Соңғы бес жыл ішінде қалада жалпы ішкі өнім екі есеге ұлғайды. Біз бұл көрсеткіш бойынша шығыс Еуропа елдерімен теңестік», - дейді қала әкімі өз сөзінде.

Қала әкім дәстүрлі «Apple Fest» фестивалінің биыл осы саябақта өткен жылдарға қарағанда кең көлемде аталып жатқандығын айтып, фестивальдің жұртшылық көңілінен шығуына тілектестік білдірді.

Шара барасында қала басшысы Ахметжан Есімов «Мерейлі отбасы» ұлттық  байқауының жеңімпаздарын марапаттап, бірнеше белгілі тұлғаларға «Алматы қаласының құрметті адамы» атағын тапсырды.

«Apple Fest» фестивалі одан әрі саябақ ішінде жалғасын тапты. Фестивальге байланысты саябақ 8 интерактивті алаңға бөлінді. Олар: Apple Music, Apple Базар, Apple Драйв, Apple Art, Apple Family, Apple Dance, Apple Karaoke, Try&Feel алаңдары.

Әр алаңда алдына ала жоспарланғандай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл жолы фестивальге 50 тоннадан астам алма жеткізілді. Келушілерге алманың ең үздік сұрыптары базар нарқынан 15-20 пайызға арзан бағаға ұсынылды. Сатып алушылар ұзын-сонар кезекке тұруларына тура келді.

Бұдан өзге келушілерге бағалы сыйлықтар тігілген байқаулар мен концерттік бағдарламалар ұсынылды.

«Apple Fest» фестивалінен фоторепортаж:


Автор: Нұржігіт Айдархан

Сурет: ©Massaget.kz

Н. Айдархан