Алматыда "Достық Плаза" ресми түрде ашылды (сурет)

Алматыда "Достық Плаза" ресми түрде ашылды (сурет)

Бүгін Алматы қаласында "Достық Плаза" сауда-саттық орталығы ресми түрде ашылды. Сағат 10-нан бастап келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жатқан ойын-сауық орталығына Massaget.kz те ат басын бұрған болатын. 

"TS Development" компаниясының жобасы әу бастан еліміздегі ең ірі орталыққа айналуды көздеген болатын. Креатив пен ойын-сауықты біріктірген жобаның бұл мақсаты жүзеге асқан секілді. Алматының ең абыройлы аудандарының бірінде орналасқан "Достық Плаза" мегаполис тұрғындарының функционалды және эстетикалық талаптарына толықтай жауап беру үшін жұмыстанған. 

Классикалық музыка, ерекше перфоманс, ертегі қаһармандары, таяқ үстінде жүрушілер, сиқыршылар т.б. ашылу салтанатын нағыз мерекеге айналдырды. 

Ашылу салтанатында орталық ішіндегі бутиктердің сән көрсетілімдері болды. 

Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін осында. 

Орталықтың басты жоспарларын түрік компаниясы орындаған. Ішкі әрлеу жұмыстарын Benoy британдық сәулет компаниясы жасаған. 

Киім-кешектің бағасы әртүрлі. Бұл жақтан арзан киімді де, қымбат киімді де табуға болады. Әлемдік талаптарға жауап бере алатын супермаркет, кинотеатр, кафе, мейрамхана Dostyk Plaza концепциясын айқындайды. 


Ашылу салтанатын кешкі 20:00-ге дейін мерекелеу жоспарланған. Бағдарлама бойынша, келушілер арасында сыйлықтар ойнатылмақ. 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ©Massaget.kz

М. Оңғарова