Енді Ұлытауға Google Maps көмегімен саяхаттауға болады

Енді Ұлытауға Google Maps көмегімен саяхаттауға болады

Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының бастауымен жүзеге асқан "Ұлытау" экспедициясы он күн ішінде алға қойылған жоспарды толық орындай алды. Аталған өңірде экотуризмді дамыту үшін тарихи және географиялық маңызы бар орындар тізімге еніп, туристік орталықтардың негізгі бағыттары анықталды. Экспедицияға қатысқан картографтар алдағы уақытта барлық белгіленген маңызды нүктелерді Google Maps қызметіне енгізетін болады. Ендеше, кезінде түркі және қазақ хандарын көтерген ұлт ордасына қызығушылық танытатын туристер толық ақпаратқа ие бола алады. Бұл қуантарлық жағдай.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ©Massaget.kz

Ж. Өрісбай