Қазақстан таулары туралы деректер

11 Желтоқсан 2013, 14:02

11 желтоқсан – Халықаралық тау күні қарсаңында Қазақстан жеріндегі ең үлкен, танымал таулар туралы біршама деректерді бере кетуді жөн көріп отырмыз.

Сарыарқа – Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 м. Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп атайды.

Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады. Тас тізбегінен оңтүстікке қарай Үлкен борсық құмды шөлі жалғасады. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.

Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Бәрі де жыралар, сайлар, аңғарлар, жартастармен бөлшектелген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).

Таулардың оңтүстік бөлігінде Батыр аталатын ойпат бар. Бұл – Қазақстанның ең төмен нүктесі. Аталған ойпат әлем бойынша Израильдегі Өлі Теңізден (- 395 м), Қытайдағы Тұрфан шұңқырынан (-154 м), Африкадағы Ассаль өзенінен (-150 м), Египеттегі Каттара ойпатынан (-133) кейін бесінші орында тұр.

Алтай – Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі. Шекарасы Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған. Қазақстанға оның тек оңтүстік-батыс аймағы ғана енеді. Оңтүстік шекарасы – Қара Ертіс өзенінің бассейні және Зайсан көлі, батысы – Қалба жотасы. Жер бедеріне байланысты қазақстандық Алтай үш аумаққа бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.

Түрген шатқалы ыстық бастауларымен, сарқырамаларымен, қалың ормандарымен, өзендерімен, шипалық өсімдіктерімен, жеміс-жидектерімен танымал. Ең басты байлығы – сарқырмалар. Олардың саны жетіге жуық. Аюлы Сарқырамасы 30 метр биіктікте құлайды және айналысындағы шыршалары көрген көзді ынтықтырады. Жартастарда мұз дәуіріне дейінгі өсімдіктердің іздері қалған.

Тянь-шань және Хан-Тәңірі. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей Алатау, Шу-Іле Алатау, Желтау, Айтау, Қырғыз Алатауы енеді) тауының барлық бөлігі кіреді. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (6995 м) бар.

Мәр-мар тасты еске салатын үшкір пирамидалы тау алыстан-ақ көзге көрінеді. Таудың айналасында небір аңыздар тараған. Оны кейде Тәңіртау немесе Қантау деп те атайды. Екінші атауға себеп болған – күн батар кезде тау шыңының қызыл түске боялатындығы. Шыңғы жету – әрбір қазақстандық альпинситің арманы деуге болады.

Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шекарасы, Іле мен Алакөл өзендерінің аралығында орналасқан және батыстан оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Жоңғар Алатауының жалпы ұзындығы – 400 шақырым. Орташа биіктігі – 3580 м.

Мұнда әлі күнге дейін таутекелер, арқарлар, қарақұйрықтар мекен етеді. Барсакелмес аралынан құландар әкелінген. Аймақ көненің көзі саналатын ескерткіштерге бай: тасқа салынған суреттер, қорғандар әлі де зерттеліп келеді.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: voxpopuli.kz,vesti.kz,visitkazakhstan.kz,nnm.me,www.idrive.kz,kzgov.docdat.com


7582 4
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Қаржылық сауаттылықты арттыру жобасын ұсынып, грант ұтып алыңыз!

Kaspi bank пен ХЭСА қоры «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аясында жалпы бюджеті 180 000 000 теңге болатын гранттар...


Қайда жоқсың, Айша?

Жаңалық атаулыны бірінші естіп, жаңадан шыққан кез келген әлеуметтік желіге бірінші болып тіркелетін, тек -...


БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ "АЙФОНЫ"

Сейфте сақталған сыр...



Аударма

Мен "Вне-вне штатный" аудармашымын...таныс құрбыларымнан текст алып, кино, мультфильм, т.б. аудармалармен...


Cайтымызда 20 000-шы жазба жазылды

Осы нәрсе мені ойдан-ойға жетелеп, нәтижесінде сіздерді сайттың басқа да статистикалық мәлімметтерімен...




Айдарлар бойынша қызықты


Samsung Galaxy Note 4 УК-сенсорымен жабдықталмақ

Samsung тағы да өз тұтынушыларын таңғалдыруды көздеп отыр.

Әлішер Каримов байқаудың бірінші күнінде екінші орында!

Әлішер Каримов "Жаңа толқын-2014" байқауының бірінші күнінің қорытындысы бойынша екінші орында келеді....

Дәрігерге сұрақ қойыңыз!

Құрметті оқырман, бауыр, ұйқы безі, көк бауыр, бүйрек, гинекология, жүрек қан тамыр жүйесі және буын...


Кемал Ататүрік қайда жерленген?

Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің мазары ел астанасы Анкара қаласында...

«ҚазМұнайГаз» «Галатасарай» командасына демеуші болуы мүмкін

Түркиялық Fanatik танымал спорт журналы хабарлағандай, «Галатасарай» футбол клубының президенті Ұнал Айсал...

Асхат Еркімбай: "Тегін білімді алмау – өзімізге сын"

Кеше "Шәкірт назарындағы онлайн оқудың артықшылықтары мен кемшіліктері" деген тақырыппен онлайн дәріс...



Соңғы бейнебаян

2NE1 - Missing you [қазақша субтитрлер]

2013 жылдың қараша айында 2NE1 «Missing You» әні және бейнебаянымен қайта оралды. Топтың продюсері Ян Хён Сок бұл ән оның әйеліне қатты ұнағанын, тіпті көзіне жас алғызғанын айтқан екен. Ал кейін 2NE1-нің орындауында ән керемет лирикаға бөленіп, тыңдармандардың жүрегін тербетті.

Аударған: Сымбат Әділбек

Тайминг, әрлеу: Ainaz


f(x) - Red Light [қазақша субтитрлермен]

f(x) тобы осы жазда өз жанкүйерлеріне Red Light әнімен қайтып оралды. Жанкүйерлер олардың қайтып оралуын ұзақ күтті. Өйткені көптен бері қыздар жаңа әндерімен қуантпап...


Hyomin (T-Ara) - Nice Body [қазақша субтитрлер]

Хемин - T-ARA тобында Джиеннен кейінгі соло-дебют жасаған екінші мембер. Ол "Nice body" бейнебаянын 30 маусым күні көпшілікке жариялады. Ән "Brave sound" продюсерлігімен...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

Роза Рымбаева"Аңыз ару"
Қорлан"Өмір күрес"
"Қызыл қайың" - Құрманғазы"Алдаспан" тобы
"Алдаспан" тобы"Құс қайтару" - Қазанғап
"Тұран" тобы"Ер Тұран"
"Алдаспан" тобы"Белес"
"Тұран" тобы"Аққу"
"Тұран" тобы"Аңшылық"
"Алдаспан" тобы"Арман"
"Тұран" тобыKara jorga - people's songм

Жаңалықтар мұрағаты