Оқи отырыңыз

Автор: Есей Жеңісұлы

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Сыйлықтар топтамасы: "Ғашықтар" кітабы

Сыйлықтар топтамасы: "Ғашықтар" кітабы

Сыйлықтар топтамасы:

Әне-міне дегенше 8 наурыз. Халықаралық әйелдер күні. Күллі еркек атаулы осы күні базар маңының шаңын қағып, сыйлықтан сыйлық қоймай тауысатын шақ. Жылдан-жылға тосын сый дайындау қиынға түсіп, әбден бас қататын кез де осы. Бірақ, одан шығатын жол бар. Кітап сыйлаңыз! Бір шоқ раушан гүл мен әдемі сөздей болмаса да, орнын ауыстыра алатын бағалы сыйлық. Тек, қандай кітап сыйлайсыз?

Атақты жазушы Ілияc Есенберлиннің «Ғашықтар» атты романы. Оқиға желісі туған күн кешіндегі таныстық пен екі жастың ортасындағы махаббаттан өрбиді. Жалындаған махаббат шым-шытырық оқиғаларға ұласып, адамды неше түрлі иірімдерге тартады. Мүсін өнерінің қыр-сырын жетік білетін  жас жігіт өз қиялындағы аруды тапқандай болып қосылғанда, тағдыр оларды екіге бөліп жібереді.  Қайта қосылуға жас жігіт барын салса да, сүйген қызы бәрібір өз таңдауынан бас тартпай, басқа қалаға көшіп кетеді.

 Араға қаншама уақыт салып, жас жігітке ауылда бірге өскен таныс қызы жолығады. Ұзақ уақыт  бірін-бірі көрмей келген жастардың арасында белгісіз дүние пайда болады. Ұзап кетсе бірін-бірі сағынып, іздейтін күйге дейін жетеді. Тағы бір махаббаттың туып келе жатқанын аңғарған жас жігіт осы жолы сүйгенінен ешқашан айырылмауға бекінеді.

Бірінші қыздың қайда кеткенін, тағдыры не болғанын, шығарманың өне бойында үзілмес жіптей болып тұрған махаббаттың қандай күйге ұшырағанын, шын ғашықтар қосыла ма, қосылмай ма, соны да білгіңіз келсе, міндетті түрде осы шығарманы алып оқыңыз. Өзіңіз ең қатты жақсы көретін адамға осы кітап пен аппақ раушан гүлдерін қоса сыйлаңыз. Бұдан артық ғажап сыйлық жоқ.

Сіздерге ұсынылып отырған кітап барша оқырман қауымға, әсіресе, романтиканы жанындай сүйетін нәзік жанды қыздарға арналған. Роман тілі мен сюжеті жағынан жеңіл, әрі қызықты. Бұны жазушының шеберлігі десек, артық айтқандық емес.

Форумда талқылау

6860 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 16:16
Пікірлер
+0
05 наурыз 2012, 17:28

Осындай сыйлық жасайтын болдым ғой

+0
05 наурыз 2012, 17:28

резенция жақсы жазылған екен, оқып алмасам

+0
05 наурыз 2012, 20:04

расында да тамаша сыйлық!

+0
05 наурыз 2012, 22:15

Есенберлин соз жок керемет жазушы

+0
09 наурыз 2012, 23:33

Қазақша түсінбейтін сүйген досыма гүл + осы кітапты сыйладым. Қуанып қалды. Массагетке 8 март үшін +5 қоямын!!! Рахмет.

+0
09 наурыз 2012, 23:39

Сізге де рахмет, Серік!

+0
14 наурыз 2012, 00:58

Мен сатып алуым керекпін срочно бұл кітапты. Ешкім сыйламады:((((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...