8 наурыз. Мерекелік фильмдер - Перл Харбор

8 наурыз. Мерекелік фильмдер - Перл Харбор

Аса қадірлі Массагеттің оқырмандары. Ұжымымыздың алдағы келе жатқан мереке қарсаңында сіздер үшін дайындаған қызықтары жалғасуда.

Құрметті оқырман! 8 наурыз мейрамын қалай атап өтіп, қалайша өткізетініңізді ойландыңыз ба? Әлбетте, кейбір жандар ата-анасымен бірге атап өтсе, кейбіреу әпке-сіңілілерімен өткізгісі келеді. Ал, жас қыздар мен жігіттер өзінің сүйіктілерімен бірге болғанды дұрыс көреді деп ойлаймыз. Олай болса, сіздердің елгезек көмекші досыңыз Массагет уақытыңызды жақсы өткізуге көмектеседі. Бұл ретте назарларыңызға сүйіктілеріңізбен бірге отырып қарауға оңтайлы фильмдер тізбегін ұсынамыз. Біз ұсынғалы отырған картиналар негізінен махаббат тақырыбында. Әйтсе де, жазбамызды әр түрлі талғамды ескере отырып дайындадық.

Перл Харбор

Майкл Бэй атты режисердің 2001 жылы түсірген картинасы. Оқиға желісі Екінші дүниежүзілік соғыстың аясында өрбиді. Қарапайым екі ұшқыш дос пен  әскери дәрігердің арасындағы сезімдер турасында. Фильмнің желісін қысқаша баяндар болсақ, былай. Америка мен Жапонияның текетірес соғысы. Деннидің досы Рэйф МакКоули (Бен Аффлек) Англияға соғысуға аттанады. Арада біраз уақыт өткенде оның қазасы туралы хабар келеді. Араға уақыт салып Рэйфтің сүйіктісі Эвелин (Кейт Бэкинсейл) оның жақын досы Денниге (Джош Хартнетт) тұрмысқа шығып, отбасы болады. Бар қызық Эвелиннің алғашқы сүйіктісі Рэйфтің өлмей, тірі қалғандығы белгілі болғанда басталады. Екі достың арасындағы өкпе-реніш, нәзік жанды арудың аласапыран сезімі, көз жасы. Бәрі-бәрі осы жерде басталады. Сезім азабы, достар арасындағы шыншылдық, бауырластық, Отанға деген сүйіспеншілік... Осы абзал қасиеттердің фильмнің әсерлі болуына тікелей қатысы бар. Оның үстіне фильм композиторы, әйгілі Ханс Циммердің туындылары картинаға ерекше бояу сыйлап тұрады.

1 

Фильм 2002 жылы үш номинация бойынша Оскар сыйлығына ие болған:

1.  Үздік дыбыс

2.  Үздік визуалды эффектілер

3.  Үздік ән — «There You'll Be»

Фильмнің бюджеті - $140 000 000

Фильмнің трейлері 

Фильмді толығымен мына жерден көруге болады: ПЕРЛ ХАРБОР 

сурет: fanpop.com