Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / 8 наурыз. Тілектер. Құттықтау сөздер

8 наурыз. Тілектер. Құттықтау сөздер

8 наурыз. Тілектер. Құттықтау сөздер

Ақ самайлы әжем, 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Жан жадыратар қуаныштарың мол болсын! Асыл армандарың орындалып, денсаулығың мұқалмасын!

Балалар жетіп мұратқа, немерелер...

Қызығын тауыса алмай кенеле бер.

Әже, саған тілеймін ұзақ ғұмыр,

Жүзден асып, жүзге де келе берер.

Әр таңың арайлап атып, күнің нұрға толсын! Көктем мерекесі көңіліңе қуаныш сыйлап, жүзіңе нұр шашсын! Шаңырақтың берекесі таусылмай, ортамызда ақылшымыз болып отыра бер!

Аяулы анам, сені көктемнің 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын! Мереке күні адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін! Асқаралы атақ пен берекелі беделің болсын, ана!

Маған арнап бар асылды жинадың,

Мейіріміңді, жүрегіңді сыйладың,

Әлем сенің табаныңда бас иер,

Жан анашым, құтты болсын мейрамың!

Саған сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атағың биіктей берсін! Әрқашан шаңырақтың берекесі, ырыстың ұйтқысы болып, жанұяның жылылығын сақтай бер! Бақытты да баянды өмір кеш, әлемдегі ең керемет АНА! 

Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін! 

Жанарына сыр тұнған,

Жүрегінде жыр тұрған.

Құтты болсын мерекең,

Қызғалдақтар құлпырған!

Әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Дидарларыңыздан арай тарап, ажарларыңыздан шешек атсын, қыздар!

Әпке, халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Уақыттың биігінен, мезгілдің мінберінен көріне бер! Аспаныңыз ашық болсын! Ыстық сезімің суымасын! Бақытты бол, бай бол! Ғұмырың ұзақ, махаббатың баянды болсын! Құлағанда сүйенген аяулы әпкем, менің тірегім, бұл мереке саған бар бақытты себелесін!

Қарындасым, 8 наурыз мейрамыңмен! Ұйқың шала болса да, күлкің шала болмасын! Күліп-ойнап, еліктің лағындай еркелеп жүре бер! Жүзіңдегі шаттық кірлемесін! Үздіккен арман, үзілмес үміт тілеймін! Ақ бұлақтай мөлдір, Күн нұрындай жарық бол! Басыңа бақ құсы қонсын! Ағаларыңа сүйеніш, анаңа қамқоршы бол!

Сүйіктім! Аяулы аруым! 8 наурызыңмен құттықтаймын. Жан дегенде жалғызым, басымдағы бағым, өмірімнің сыйы, саған бұл мереке ғаламның бар асылын әкелсін! Екеуміздің кіршіксіз махаббатымызға дақ түспей, ғұмыр бойы бақытты өмір кешуге жазсын! Сүйгенім, өзіңді бұл күні ғана емес, мәңгі сүйіп өтемін...


Бейнебаянға wallpaperscrunch.com, wallpaperstop.com, wallpapers11.com сайттарынан алынған суреттер мен Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әні пайдаланылды.

79682 11
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 23:00
Пікірлер
+0
06 наурыз 2012, 00:09

Күшті....Рахмет!!!

+0
06 наурыз 2012, 08:50

Тілектер әйбәт екен)

+0
06 наурыз 2012, 11:10

массагет 8 наурызға жақсы дайындықпен келіпті.

+0
06 наурыз 2012, 11:41

Сүйіктім! Аяулы аруым! 8 наурызыңмен құттықтаймын. Жан дегенде жалғызым, басымдағы бағым, өмірімнің сыйы, саған бұл мереке ғаламның бар асылын әкелсін! Екеуміздің кіршіксіз махаббатымызға дақ түспей, ғұмыр бойы бақытты өмір кешуге жазсын! Сүйгенім, өзіңді бұл күні ғана емес, мәңгі сүйіп өтемін...Осыны жазып жіберемін ОҒАН!

+0
06 наурыз 2012, 13:55

И жыди они долго и счастливо! )))))

+0
06 наурыз 2012, 14:45

Оу күшті! Рақмет массагет ұжымы! Видео супер!

+0
06 наурыз 2012, 15:22

Керемет тілектер. Массагеттің жігіттер қауымына алғыс білдіремін!!

+0
07 наурыз 2012, 00:37

Мерекеңмен!..
Албырт жастықтың асау мінезін ақылыңа жендіре біл,
Ашуыңның алауын дер кезінде сөндіре біл.
Дұшпаныңа сес көрсетіп, қаhарыңды төндіре біл.
Сүйгеніңді сүйенішпен дегеніне көндіре біл!..
Төл мерекең құтты болсын!

+0
07 наурыз 2012, 00:56

Рахмеет! Жақсы екен! Тек видеодағы "Ақ жаулықты әженің" суреті келіспей қалған секілді))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...