Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / 8 наурыз: "Сүйіктімді қайда шақырсам болады?"

8 наурыз: "Сүйіктімді қайда шақырсам болады?"

8 наурыз:

8 наурыз мерекесі күні көптеген ер жігіттеріміз сүйіктілерін қайда шақырарын білмей, бастары қатады. Әлбетте, әдеттегідей ойын-сауық орталықтарына барып, боулинг, не бильярд ойнауға болар еді, оған қоса, айына 2-3 рет шақыратын кинотеатрды да қосып қойыңыз. Бірақ, бұл орындарға  басқа күндері де бара аласыздар ғой. Неге осы мейрамды ерекше өткізбеске?

Қыстың ызғары кетіп, көктемнің лебі есе бастаса да, қар толығымен еріп кеткен жоқ. Соңғы қардың қызығын көріп қалу үшін шаңғымен сырғанауға аттануға болады. Қазір ол жақта адам да азайды, шаңғымен сырғанап, аққала жасап, қар атысып қайтсаңыздар да болады.

Сонымен қатар мұз да еріп үлгерген жоқ. Осы қыста коньки тебуге жолыңыз түспесе, сүйіктіңізді мұз айдынына шақырыңыз. Сүйіктіңіз конькиге бірінші рет тұрып жатса, оны икемдеп, үйретіп, жақындасуға мүмкіндік бар. Жалпы мұз айдынының өзі тұнып тұрған романтика ғой, бұрыннан кездесіп жүрген жұптардың сезімдерін арттырар тамаша идея. Алматы қаласында жақын жерлердегі мұз айдыны жайлы ақпаратты оқып көріңіз.

Соңғы рет қашан атқа мініп едіңіз, бәлкім сол әсеріңізді жандандыру үшін сүйіктіңізді атқа мінгізіп, серуендеуге алып барарсыз. Бойымызда даланың қаны бар, кімге болса да мұндай ерекше сый ұнайтыны сөзсіз. Үлкен қалаларда қазір бұл бизнес көзіне де айналып үлгерген. Ауылдың атмосферасын толыққанды сезіну үшін атқа отыруға, бүркітпен суретке түсуге, алтыбақан теуіп, киіз үйде тамақ ішуге де болады. Мұндай орындар жайлы интернеттен мәліметтер таба аласыз.  

Сүйіктіңізді алып, мұражайға неге бармасқа? Өзіңіз мұражайларда болып па едіңіз? Бәлкім осы мерекені пайдаланып, мұражайларда не қызық бар екен, көріп қайтарсыздар? Мысалы, демалыс күні Алматыда Орталық мұражай жұмыс істейді.

Әлемде сан мыңдаған әдемі картиналар бар. Жыл сайын суретшілер картиналар салып қана қоймай, көрмелер де ұйымдастырады. Сондай бір көрмелерге барып, өнерге бір табан жақындауға болады. Сурет өнерін зерттеу, өнерге бас ию – адамның мәдениеттілігін арттырады, әрі сүйіктіңіздің алдында беделіңізді көтереді. Қалаңызда қандай көрмелер болып жатыр екен...

Күйбең тірлікте театрға да жол түсе бермейді. Ал демалыс кезінде, қырсыққанда қойылымдар да болмайды. Бірақ, сіздер үшін Алматыда орыс драма театры «Ищите женщину» қойылымы болады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, әдемі қойылымды  тамашалап қайтасыздар. Әрі Орыс театрының жанынан өткенде "осыған бір бармадым-ау"- деген өкініш те болмайды.

Әр қалада романтика сыйлайтын ерекше махаббат орындары да болады: саябақ, махаббат ескерткіштері, көпір, жағажай және т.б. Сондай орынға сүйіктіңізді ертіп барып, көктемнің лебін сезініп, махаббаттарыңыздың беки түсуіне ықпал етесіз.

8 наурыз күні ерекше өтуіне тілектеспіз!

Сурет: milanas.info

672 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 05 наурыз 2012, 15:02
Пікірлер
+0
05 наурыз 2012, 22:18

ен дурысы муз айдыны сиякты....шынында романтика))

+0
14 наурыз 2012, 00:57

Ойбууу, қазіргілер мұндай күні театр, музейді қайтсін. Кино немесе ресторанға апарады ғой. Мен ресторанға шақырылдым,мысалы. Музейге барайық десе, келіспес ем...:)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...