Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / 8 наурыз: Торттарды қалай таңдаған дұрыс?

8 наурыз: Торттарды қалай таңдаған дұрыс?

8 наурыз: Торттарды қалай таңдаған дұрыс?

«Өлмес құлға келді жаз» дегендей, көп ұзамай-ақ  баршамызды сағындырған көктем мейрамдары етек жаймақ. Көктем – мейрамға толы, жайдарлы мезгіл.  Бұл дегенің әрбір шаңырақта мерекелік дастархан жайылады деген сөз. Ал тәтті тағамдарсыз, дәмді торттарсыз қандай дастархан болады дейсіз? Егер  аспаздық талантыңыз болмаса, немесе торт пісіруге уақыт таппасаңыз, біз сіздерге дүкендерден қалай дәмді тортты таңдауға болатындығы туралы айтамыз.


Бүгінгі таңда азық-түліктің сапалылығы ең өткір мәселелердің бірі. Бұл әсіресе тез бұзылатын тағамдарға, сондай-ақ торттарға да қатысты. Аспаздық  өнімдерді таңдаудың да өзіндік қағидалары бар, егер сіз оларды ұстанатын болсаңыз, ешқандай қиындықтарға тап болмасыңыз анық. Тортты немесе бәлішті  таңдағанда ең алдымен өзіңізге ұнайтынына назар аударыңыз! Сонымен тортты сатып алғанда неге назар аударған жөн?        

1. Құрамы. Біздің сүйікті торттарымыздың классикалық мәзірлерінде ешқандай консерванттар, эмульгаторлар және химиялық қоспалар болмау керек, тек табиғи өнімдер ғана! Сіз таңдаған өнімнің құрамы қандай? Оқыңыз! Егер кондитерлік өнімде Е200 (сорбин қышқылы), басқа түсініксіз сөздер мен сиқырланған таңбалар болмаса – сіздің жолыңыз болды! Ең тәтті кремдер  өсімдік майынан емес, сары майдан дайындалғандары. Жұмыртқа  ұнтағы емес, табиғи жұмыртқа, маргарин, құрғақ йогурт емес, кәдімгі сары май қосылғандығын қадағалаңыз.               

2. Өндіруші. Кейде жекеменшік кішігірім наубайханалар да кондитерлік өнердің ең керемет үлгілерін жасап шығарады. Бірақ, сіз олардың өнімдерімен жақсы таныс болмасаңыз, кең танымал әрі ірі өндірушілердің өнімін таңдағаныңыз жөн. Өйткені үлкен компанияларда санитарлық шарттардың орындалуын қадағалаушы арнайы зертханалар және өндірістің әрбір кезеңіне, крем бөліміне, пісіру аймағына, жұмысшылырға арналаған бөлек ғимараттар болады. Ал шағын өндіріс орындарында жұмыс бір ғимаратта жасалатын болғандықтан, өнімге бактериялардың түсуі әбден мүмкін.

3. Орам. Торттың пластикалық қорапқа қарағанда көріксіз болса да, кәдімгі қағаз қорапшаларға оралғаны дұрыс. Торттар өте  дымқыл болып келеді. Ал пластиктің астындағы былжыраған өнім – бактериялар үшін керемет мекен екенін естен шығармаңыз.                                                                      

4. Сақталу мерзімі. Консервантсыз дайындалған тағамдардың сақталу мерзімі аз болып келеді. Табиғи шикізаттан жасалған кремді торттар 36 сағаттан артық сақталынбайды. Жемісті торттардың сақталу мерзімі – 3 тәулік, үгітілмелі торттар – 7 тәулік болса, вафельді торттар – 30 тәуліктен аспайды.                                                                                        

5. Сыртқы көрінісі. «Жылтырағанның бәрі де алтын емес» демекші, көрінісі әдемі торттардың барлығы да сапалы әрі дәмді емес. Ашық, қанық түстермен әрленген торттардың дәмі бояулардың шектен тыс қосылғандығынан жақсы болмайды. Дегенмен сырт көрінісіне қарап байқауға болатын нәрселер де бар. Мәселен кремнің сапасы: егер тәтті гүлдер өз формасын сақтамай тұрса, ол сапасыз майдан (өсімдік майы қоспасымен) жасалынған.

Кейде кінә өндірушілерден емес, сатушылардан да болып жатады. Сатушылар мерекелер қарсаңында дүкеннің көрінетін жерлеріне мерзімі өтіп кеткен торттарды шығарып қойып, ескіріп кеткен торттарға жаңартылған этикеттерді жабыстырып сата беретін жағдайлар көп кездеседі.

Астарыңыз дәмді, дастархандарыңыз сәнді, мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Суреттер :  forum.say7.info, tort.perm.ru 

1375 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер
+0
14 наурыз 2012, 00:59

Тек мерекеге емес, жалпы есте сақтауға тұрарлық мақала екен! Браво, Массагет,Браво!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...