22 наурыз. Бүгін астаналықтарды қандай қызықтар күтеді?

22 наурыз. Бүгін астаналықтарды қандай қызықтар күтеді?

Астанада 22 наурызға орай 40-тан астам іс-шара өтеді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

пр

Бүгін, яғни, 20 наурыз күні «Жастар» сарайында наурыз мейрамына арналған жастар арасында «Би аумағы» би байқауы өтеді. Оған Қарағанды, Астана, Қостанай және Жезқазған қалаларынан 100-ден астам  жастары  қатысады.

л

Бүгін, сонымен қатар, Астанада жарық шашу шоуы көрсетілетін болады. Төрт бельгиялық суретші оны ғажайып әлемге біріктіріп, OVO – мультисенсорлық көркем инсталляцияны дүниеге әкелген. Ұжымның туындыларын осы уақытқа дейін АҚШ, Бельгия және басқа да мемлекеттердің көрермендері тамашалап үлгерді. Енді бұл шоуды елордалықтар бүгін, яғни, 2013 жылдың 20 наурызында 21.00-де "Ғашықтар" алаңында көре алады. 

Мерекелік іс-шараның бір көрінісі қолөнер шеберлерінің көрмесі болмақ. Аймақтардан келген шеберлер өздерінің бірегей туындыларын ұсынатын болады. Олар Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облысының  декоративті-қолданбалы өнер шеберлері. Мұнда ағаштан, керамикадан жасалған заттар мен зергерлік бұйымдарды, музыкалық аспаптарды, картиналар мен киімдерді, сырмақ пен текеметті, басқа да қол өнер бұйымдарын көруге болады. 

ит

Негізгі мереке қарсаңында, 21 наурызда сағат 18.00-де наурыз мейрамына арналған мерекелік концертке Қызылорда облысының «Дидар» және «Дударай» этно-фольклорлық ансамблі, Павлодар облысының «Томирис» би ансамблі мен «Мирас» вокалды тобы, «Әдемі» дуэті, Алматы облысының  «Айжан қыз» халық биі ансамблі, Солтүстік Қазақстан облысының «Арт-Думан» тобы, Ақмола облысының  «Көкшетау», «Он алты қыз»  халық биі ансамблі, «Айнакөл» фольклорлық  ансамблі, «Сұңқар»  квартеті, Алматы қаласының «Айша Бибі» фольклорлық  ансамблі, «Ладушки»,  «Қоңыр», «Алаш ұлы» топтары  қатысады. Сондай-ақ,  концертте  өнер қайраткерлері Ғазиза Жұмекенова, Әлмырза Ноғайбаев, Әбдірейім Өміров, Рамазан Стамғазиев  және басқалар өнер көрсетеді.

Мерекелік іс-шаралардың кіндігі «Қазақ елі» монументі алдындағы алаң болады. 

Ұйымдастырушылар мерекеде қонақтарға тегін дәм ұсынуды да назардан тыс қалдырмаған. «Қазақ елі» монументінің жанында және қала әкімдігі алдындағы алаңда барлық келушілер ыстық тағамнан дәм тата алады. 20 мың бауырсақ пісіріліп, 10 мың үлес палау және дәл сондай мерекенің басты тағамы  – Наурыз көже әзірленді.

Енді мерекелік іс-шаралардың қатысатын 22 наурыздағы кестесін ұсынамыз:

10.00-10.30. «Сарыарқа» халық  аспаптар оркестрінің өнері.

11.00-12.00. Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы.

10.00-17.00. Қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-саудасы.

10.00-17.00. Сүт, нан-бөлке және шұжық өнімдерінің көрме-саудасы

11.00-16.00. Спорттық жарыстар.

13.00-14.00. Қолданбалы  өнер бойынша шеберлік-дәрістері.

14.00-15.00. Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы.

15.00-16.00. Кіші сахна. «Орда» театрының өнері.

11.00-12.20. Негізгі сахна.

12.20-12.45. Техникалық үзіліс.

12.45-17.00. Негізгі сахна. Концерттік бағдарламаның жалғасы.        

Қатысушылар: Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы.

Осы күні қала әкімдігінің алдындағы Орталық алаңда таңертеңгі сағат 10-да халықтық серуен, мерекелік концерт өтіп, мерекелік сауда қызады. Алаң сахнасында  аудандардың шығармашылық ұжымдары мен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының актерлері өнер көрсетеді. Алаңның екінші жағында сауда қызып, түрлі тағамдардан дәм ұсынылады, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.    

22 наурыз күні кеште, 19:00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында әнші Әлия Әбікенованың «Ән гәккуі» концерті өтеді. Жас әнші астаналықтарға фольклорлық музыка кешін сыйлайды.

22 наурыз күні кеште 18:00-ден 22:00-ге дейін Орталық алаңда Астананың шығармашылық ұжымы мен  қазақстандық эстрада жұлдыздары  Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Қайрат Нұртас, «Алдаспан» тобы, Маржан Арапбаева  және басқалар қатысатын жастар би кешінің көрігі қызбақ.

Наурыз мейрамы мерекесі 22.00 сағатта отшашумен аяқталады. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Әкімшіліктің баспасөз қызметі, Массагет мұрағаты

Massaget