22 Наурыз. Семейліктер Тайқазанның көшірмесін жасап шықты

18 Наурыз 2013, 15:18

Семейлік шеберлер келе жатқан 22 наурыз мерекесіне дайындықтың аясында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде тұрған Тайқазанның көшірмесін жасап шықты.

"Наурыз Тайқазаны" деп аталатын бұл этнографиялық композиция қаланың орталық алаңына қойылмақ.

Айта кетелік, тайқазан түркі халықтарының бірлігі мен қонақжайлығының символы болып табылады.

Түркістандық қазанның диматері 2,45 метрді құрайды. Ал оның салмағы 2 тонна. Оны Қарнақ қаласында 1399 ж. Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әдДин 7 металл қоспасынан құйып жасаған: Темір, цинк, қорғасын, қалайы, қызыл мыс, күміс, алтын. Қазанға алпыс шелек су сияды. Ыдысқа құйылған су қасиетті деп есептеледі. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынып, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тайқазаны 1935 ж. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Эрмитаждың төменгі қабатында 48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Оның қайтарылуына Ө.Жәнібеков көп еңбек сіңірді

"Семейде орнатылатын қазан жеңіл металдардан жасалған. Ол сонымен қатар, ылғалға, аязға, ыстыққа төзімді. Бұл қазан Түркістандағы Тайқазанның толық көшірмесі болып табылады", - деді қала архитекторы Қалдыбек Қақиланов.

Сәулетші сонымен қатар, қала тұрғындары бұл жұмысты жоғары бағалайды деп үміттенетіндігін жеткізді. Экспонат 22 наурыз мерекесінен кейін қаланың өлкетану мұражайына табыс етіледі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Материалды дайындау кезінде "Отырар" энциклопедиясындағы ақпараттар пайдаланылды

сурет: empire.kz


1221 2
(0)

E-mail получателя:
Текст сообщения:

Оқи отырыңыз


Пікірлер тізімі

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз

Танымал блогтар


Сағынған екенмін ғой...

Тоқта деп жылағанымда, "сен таксиден қалма, бүл сенің жолың" деді. Сол өмірдің даңғыл жолында таксиден қалып...

Автор: AyKon Sabitkizi

Бауыржан Тұрабаевтың үздік әзілдері (видео)

Бауыржан Тұрабаевтың үздік әзілдерін инстаграмнан жинастырдым. Күле отырыңыз!



Тағы да аударма

"вне-вне штатный" аудармашымын деп едім ғой. мынау қай кинодан екенін білмеймін, құдашамның аударып берші...


Назеркеше бағалау

Сериалсүйерқауымға

Автор: Yerke 백

Қамшы

Түс көріппін. Түсімде қамшы көріппін. Бала кезімнен қолға ұстаған қамшыларымның бәрін көрген екем.




Айдарлар бойынша қызықты


HTC соңғы модельдегі смартфонының Windows нұсқасын шығарады

Сәтті шыққан HTC One (M8) смартфоны Windows Phone 8.1 нұсқасымен үстіміздегі жылдың соңына дейін жабдықталады.

Қайрат Нұртастың суреті Түркия фотосалондарында жарнама үшін қолданылуда

Продюсер Қайрат Нұртастың суреті арқылы жарнама жасайтын фотосалонды кезіктіріп қалғанын айтып, сөзінің...

Жұлдыз жорамал: 28.07.2014 - 03.08.2014

Жұлдыздар бұл аптаның тек тоқтылар үшін аса табысты болатындығын айтады.


"Шоқан Уәлиханов керуен жолы" азиялық Римге жетті

«Шоқан Уәлиханов керуен жолы» ғылыми-танымдық іс сапары өте ежелгі қала саналатын Турфанға...

Видеодәріс: Компьютердегі файлдарды қалай жасырамын?

Бүгінгі дәрісте компьютердегі файлдарды жасыруды үйренеміз



Соңғы бейнебаян

Henry Lau (Super Junior M) - Fantastic [қазақша субтитрлер]

Шілде айында Super Junior M тобының мүшесі Генри ‘Fantastic’ атты мини-альбомымен қайтып оралды. Мини-альбом 6 әннен тұрады. Альбомды жасау барысында ол EXO-лық Чанельмен, INFINITE тобының мүшесі Хоямен және SMROOKIES-тегі Сыльги-мен бірігіп жұмыс істеді. Басты ‘Fantastic’ әніне бейнебаян да ұсынып үлгерді. Ән ғашық болып, өзгергісі келетін жігіттің сезімін бейнелейді.

Аударған: Сымбат Әділбек

Тайминг, әрлеу: T.Kyuti


2NE1 - Missing you [қазақша субтитрлер]

2013 жылдың қараша айында 2NE1 «Missing You» әні және бейнебаянымен қайта оралды. Топтың продюсері Ян Хён Сок бұл ән оның әйеліне қатты ұнағанын, тіпті көзіне жас...


f(x) - Red Light [қазақша субтитрлермен]

f(x) тобы осы жазда өз жанкүйерлеріне Red Light әнімен қайтып оралды. Жанкүйерлер олардың қайтып оралуын ұзақ күтті. Өйткені көптен бері қыздар жаңа әндерімен қуантпап...




Материал жіберу

Отанды сүю  отбасынан басталады

Любовь к Родине зарождается у семейного очага

Үздік әуендер

"Алдаспан" тобы"Ел дастан"
"Тұран" тобы"Елім-ай"
"Тұран" тобы"Мұқағали толғауы"
Қорлан"Толқын легі"
Роза Рымбаева"Кел, ғасыр"
Роза Рымбаева"Мен сондаймын"
Батыр01 мелодия любви
"Алдаспан" тобы"Ұстазға" - М. Хасанов
"Тұран" тобы02 Contemplation by Mukagali - poems by M. Makataev
"Тұран" тобы"Елім-ай"

Жаңалықтар мұрағаты