15 сәуір. Мерекелік фильмдер. Гауһартас

15 сәуір. Мерекелік фильмдер. Гауһартас

Құрметті де ардақты массагеттіктердің назарына алдағы келе жатқан ғашықтар күніне орай мерекелік фильмдер легін ұсынамыз.

Сонымен біз ұсынғалы отырған алғашқы фильм - Гауһартас.

1975 жылы жас жазушы, солдат Дулат Исабеков әнші Бибігүл Төлегенованың орындауындағы "Гауһартас" әнін естіп, тәнті болыпты деседі. Бибігүл апамыздың сырлы дауысы жас жігіттің жүрегінде туған жеріне деген сағынышты одан әрі арттырып, көңілін тербеді. Дәл осы сезімдер Дулат Исабековты жаңа роман жазып шығуға итермеледі. Бірақ туынды тек роман болып қалмай, фильмге айналды.

Картинаны түсіру жұмыстарына жергілікті қойшылардың қосқан үлесі көп болды.

Оқиға желісі бойынша, ауылдың бір шетінде тұрған киіз үйге келін түседі. Дәл сол сәттен бастап үйдің ішінің берекесі арта түсіп, махаббатқа толады. Бұл өзгеріске келіннің ата-енесі мен күйеуінің інісі Қайыркен қатты қуанды. Салтанаттың тек жолдасы Тастан ғана жұбайына махаббатпен қараудың орнына, онсыз да болуы керек, қарапайым нәрсе деп танып, көп көңіл бөлмеді. 

Индивидуалист күйеу жігіт бұл мінезін тек үйде емес, жұмысында да салды. Жалғыздықты жақсы көретін ол өзі жерде жұмыс істейтін қойшылар бригадасына жақындап, араласа бермейтін. Тастан осылайша, өзінің бұл өмір сүру формасы сол заманның талаптарына сай келмейтінін байқамады. Бұл мінезінен айналадағы адамдамдардың зардап шегетінін күйеу жігіт тек Салтанат қатты ауырып қалғанда ғана шын түсінді.

Өндіруші: «Қазақфильм» киностудиясы
Жыл: 1975
Премьера: маусым 1977, Мәскеу

 

  • Режисер: Шәріп Бейсембаев
  • Сценарий авторы: Дулат Исабеков
  • Оператор: Асхат Ашрапов
  • Суретші: Құлахмет Қожықов, Рафик Каримов
  • Композитор: Анатолий Бычков
  • Дыбыс операты: Евангелина Додонова

 

Рөлдерде: 

  • Жанна Қуанышева,
  •  
  • Әнуар Боранбаев,
  •  
  • Сапарғали Жақышев,
  •  
  • Әмина Өмірзақова,
  •  
  • Каукен Кенжетаев,
  •  
  • Досхан Жолжақсынов,
  •  
  • Гүлзия Белбаева.

 

Сыйлықтар:

- Үздік әйел адамның рөлі үшін берілген екінші премия Жанна Қуанышоваға берілді. IX Бүкілкеңестік кинофестиваль, Қырғызстан, 1976 жыл.

Фильмді мына жерден көре аласыз:

ГАУҺАРТАС. 1 БӨЛІК

ГАУҺАРТАС. 2 БӨЛІК

ГАУҺАРТАС. 3 БӨЛІК

ГАУҺАРТАС. 4 БӨЛІК

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан