15 сәуір. Махаббат торты

15 сәуір. Махаббат торты

15 сәуір - Ғашықтар күніне арнап сүйіктіңізге романтикалық тарту ретінде мынандай "Махаббат тортын" жасап көріңіз. Еңбегіңіз бен ниетіңіз сөзсіз бағаланады.

Қамырдың құрамы:

  • 4 жұмыртқа;
  • 100г қант;
  • 60г ұн;
  • 20г крахмал;
  • 30г какао ұнтағы;
  • 30г сары май;
  • қызыл бояғыш.
Жұмыртқаның сарысы мен ағын бөлеміз.
Жұмыртқаның сары уызын қанттың жартысымен (50г) миксермен араластырамыз.
Ақуызды көбіктенгенше миксермен араластырып, қалған қантты қоса отырып, тағы да араластырамыз. Көбіктенген ақуыз бен сарыуызды қосамыз.
Ұн, крахмал мен какао ұнтағын араластырамыз. 
Қызыл бояуышты суда ерітіп, майды жібітеміз.
Дайын болған қоспаны құйып араластырамыз. 
Бояғыш пен еріген майды да осында құйып, жақсылап араластырамыз.
Жүрек пішінді табаны майлап, кішкене ұн себеміз (қамыр жабысып қалмау үшін).
Қамырды  құйып пісіру пешіне саламыз.
Орташа отта 25 минут пісіріңіз. 
Піскенін ағаш таяқшамен тексеріңіз. 5 минутқа пішінде қалдырыңыз.
Пішіннен шығарып, бірнеше сағатқа қалдырып қойыңыз. Осылайша қамыры қатайып, басылады.
Бәлішті ортасынан пышақ пен жіптің көмегімен екіге бөліңіз.

Крем мен әшекелеуге:

  • 300мл қаймақ;
  • 2 ас қасық қант;
  • 100г ақ шоколад.
Қаймақ пен қантты миксермен араластырыңыз.
Торттың бірінші қабатына крем жағыңыз. Қаласаңыз, ортасына жемістер салуға болады.
Екінші бәлішпен жабыңыз. Үстінен тағы крем құйып, ақ шоколадпен әдемілеңіз.
Торт дайын! Астарыңыз дәмді, махаббатыңыз баянды болсын! 15 сәуір - Ғашықтар күні құтты болсын! 

Дайындаған: Сания Аринова

С. А